389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сергей Юран «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» ойыны туралы болжам жасады

  • 267
  • UPD: 18:02, 04.09.2019
Сергей Юран «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» ойыны туралы болжам жасады vesti.kz

Кеңес Одағы, Ресей және екі дүркін Португалия чемпионы Сергей Юран Радио Sputnik-ке берген сұхбатында Еуропа лигасындағы «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» ойынынан не күтетінін айтты.

«Бұл екі клубтың айырмасы жер мен көктей екені анық қой. Әрине, жігіттер талпынады, бірақ, көп нәрсе «Манчестерге» байланысты. Олар қаншалықты салмақты қарайтынына. Өйткені мұндайда әдетте мықты футболшыларды демалдырып, қосалқы ойыншыларды ойнатады. Осыдан кәсібилігі төмендеу команда ұпай жинай алады. Қалай дегенмен мықтылар да келеді. Құрамаларында, әлем және Еуропа чемпионаттарында ойнайтын. Сондықтан бұл елдегі футболдың дамуына түрткі. Әсіресе ұл балалар үшін. Өйткені олар стадионға келіп, жұлдыздарды көреді. Егер бұрын футбол алыстағы дүние болса, осыдан кейін жақындай түседі», – дейді ол. 

Еске салайық, «Астана» - «Манчестер Юнайтед» арасындағы бірінші матч 19-шы қыркүйек «Олд Траффорд» стадионында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00. Қарымта 28 қараша, «Астана-Аренада».

Сонымен қатар, L тобында сербиялық «Партизан» мен голландиялық «АЗ Алкмар» ойнайды.

Ақпаратты ұсынған vesti.kz сайты.

Хабар 24 телеарнасы