389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Ахцигер қарсыласын 115 секундта нокаутқа түсірді

  • 190
  • UPD: 09:10, 05.09.2019
Дмитрий Ахцигер қарсыласын 115 секундта нокаутқа түсірді sports.kz

Қазақстандық боксшы Дмитрий Ахцигер кәсіби мансабындағы бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол Картахенада  (Колумбия) бокс кеші аясында өнер көрсетті. Төрт раундқа созылған супер ауыр салмақтағы айқаста 21 жастағы қазақстандық колумбиялық Хайме Торреспен жұдырықтасты.  Бұл оның да кәсіби бокстағы дебюті. Ахцигер  бірінші раундта, айқастың 115-секундында техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Дмитрий кәсіби мансабындағы жолын сәтті бастаса, Торрес бірінші рет жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы