389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қазақ күресінен Сұраншы батыр құрметіне жарыс өтті

  • 260
  • UPD: 13:06, 05.09.2019

Алматы облысы Жамбыл ауданында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Сұраншы батырды еске түсіруге арналған республикалық жарыс өтті.

10 жыл бұрын облыстық деңгейде басталған турнирге қазір еліміздің шалғай аймақтарынан да үміткерлер келіп, жарыс көркін қыздырып жүр.

Бақберген Әлжаппарұлы, жарысты ұйымдастырушы:

- Осы жарыстың мақсаты да сол жылдан жылға деңгейі көтеріліп, осы мына жас спортшылардың арасынан ертең Азия әлем чемпионатына қатысатын спортшылар осы жарыстан шығады ғой деп ойлаймыз. 

Ең жеңіл салмақта Нұрсерік Исабай жеңіс тұғырынан көрінсе, Бекболат Бұйрабай 51 келіде қарсылас шыдатпады. Алматылық Нұрсұлтан Нұрсейітов 57 келіде чемпион атанды. Ермек Нұрболат, Диас Жұмахан мен Өрісбай Орманқұл және Нұрлан Қырғызбаев та өз салмақ дәрежелері бойынша бас жүлдені еншіледі. Алыптар айқасында Қызылордалық Айдын Жыланбасовтың мерейі үстем болды. Ұйымдастырушылар Сұраншы батыр атындағы турнирді болашақта халықаралық деңгейде өткізсек деп жоспарлайды. 

«Вуэльта» Гранд турының 11-кезеңі жалпы есепке өзгеріс енгізген жоқ. 180 шақырымдық сайыста «Астана» командасының велоспортшылары Мигель Анхель Лопестің басты қарсыластарынан қалып қоймауын қадағалап отырды. Кезең ортасынан ауған шақта 14 велоспортшы өзгелерден ұзап кетіп, өзара бас жүлдені сарапқа салды. Олардың арасында «астаналық» Горка Исагирре де болды. Қазақстандық команданың велошабандозы бірнеше мәрте шабуылға шығып, топ жаруға ұмтылды. Алайда мәреге 30 шақырым қалғанда Испаниялық Микель Итуррия жылдамдығын арттырып, кезең жеңімпазы атанды. Горка Исагирре тоғызыншы болып жарысты аяқтады. Жалпы есепте Примож Роглич топ бастауда. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес «қызыл жейденің» иесінен 2 минут 11 секунд қалып келеді. Бүгін велоспортшылар 171 шақырымдық кезеңде сынға түседі.

Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды. Жаттықтырушылар штабы әзірге сегіз салмақта сынға түсетіндердің есімін жариялады. 14 қыркүйекте елордада басталатын әлем біріншілігінде ел намысын Қорлан Жақанша, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов, Азамат Құстыбаев, Ерұлан Ысқақов және Дамир Күзембаев қорғайды.

Қазақ күресінің балуандары Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жауынгерлік өнер фестивалінде алты медаль ұтып алды. Ченджу қаласында төселген боз кілемде 30 елдің білекті қыз-жігіттері сынға түсті. Қазақстан құрамасы сапынан Гүлнұр Ерболова мен Бекзат Манасбаев алтыннан алқа тағынса, Өскен Төлеубеков пен Аяулым Балапанова екінші орынға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы