387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – Испания матчына шотландиялық төрешілер қазылық етеді

  • 264
  • UPD: 17:57, 05.09.2019
Қазақстан – Испания матчына шотландиялық төрешілер қазылық етеді Газета.ру

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы испаниялық құрдастарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч 6 қыркүйек күні жергілікті уақыт 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл кездесуге шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші – Николас Уолш. Оған қос қапталдан отандастары Грэм Стюарт пен Алан Малвэнни көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Дэвид Мунро атқарады.

Айта кетейік, жас футболшыларымыз іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойында Фарер аралдары мен Черногорияны сырт алаңда жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы