387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


РПЛ-де ойнайтын Зайнутдинов пен Бақтияров қанша сыйақы алады

  • 155
РПЛ-де ойнайтын Зайнутдинов пен Бақтияров қанша сыйақы алады ФК Ростов

Ресейлік BUSINESS Online сайты осы маусымда жергілікті клубтардағы футболшылардың алатын сыйақыларының мөлшерін жариялады.

Олардың қатарында қазақстандық ойыншылар Бахтияр Зайнутдинов пен Акмаль Бақтияров өнер көрсететін «Ростов» және «Сочи» командалары да бар болып шықты, деп жазды vesti.kz.

Сонымен, Зайнутдиновтің командасы «Ростов» РПЛ-дағы ең үлкен сыйақылардың біріне ие болды. Ростовтықтар өз ойыншыларына жеңіс үшін 500 мың рубль (шамамен үш миллион теңге), топ-клубпен тең дәрежедегі ойын үшін 250 мың рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) төлейді. Өткен маусымда «Ростов» маңызды жеңістер үшін екі еселенген сыйақы төледі, бірақ биыл олар мұндай тәжірибеден бас тартып отыр.

Құрамына 21 жастағы Бахтияров ойнайтын  премьер-лиганың дебютанты «Сочи» жеңіс үшін 350 мың рубль (екі миллион теңгеден аса), ал тең дәрежедегі ойын үшін 150 мың рубль (900 мың теңгеге жуық) береді.

Хабар 24 телеарнасы