385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Жұмағұлов – Багаутинов жекпе-жегінің қонағы болады

  • 170
  • UPD: 10:58, 06.09.2019
Димаш Құдайберген Жұмағұлов – Багаутинов жекпе-жегінің қонағы болады prosports.kz

Әнші Димаш Құдайбергенов қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутинов арасында өтетін жекпе-жектің құрметті қонағы болады.

Әлемге әйгілі әнші  Димаш Құдайбергенов Сочи қаласында өтетін Fight Nights Global 95 турнирінің құрметті қонағы болады. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновпен (19-6) кездеседі. Отандасымыз ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 31-тамызында Тагир Уланбековке қарсы өткізіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Одан бөлек, отандасымыз Алидің туған бауыры Артур Багаутиновты нокаутпен жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы