386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илья Ильин Таиландта өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

  • 417
  • UPD: 14:36, 06.09.2019
Илья Ильин Таиландта өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады tengrinews.kz

16 қыркүйек күні Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-әлем чемпионатының шымылдығы түріледі.

Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі). 

Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей: 

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

89 келі: Денис Уланов

96 келі: Илья Ильин 

109 келі: Ибрагим Берсанов

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.   

Хабар 24 телеарнасы