386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Қазақстан құрамасы Кипрмен тең түсті

  • 235
  • UPD: 11:34, 07.09.2019
Футбол: Қазақстан құрамасы Кипрмен тең түсті

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Кипр командалары тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Матчқа дейін кипрліктер ойынға тыңғылықты дайындалғандарын мәлімдеген болатын, алайда Қазақстан құрамасы 2-минутта есеп ашып кетті. Алексей Щеткин Сүйімбаевтан пас алып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның 39-минутында Иоанну екі футболшының арасынан сытылып шығып, Сотириуға дәл пас бере салған. Есеп 1:1.

Матчтың екінші таймы алма-кезек шабуылға ұласты. Қос командада да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Қазақстан да, Кипр де жеңіске лайық болғанымен, есеп одан әрі өзгермеді.

Айта кетелік, матчтағы соққылар да, оның ішінде дәл бағытталғаны да тең деуге болады.

Бүгін Шотландия құрамасы өз алаңында Ресейді жеңіп кетпесе, Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы үшінші орнын сақтап қалады.  Сондай-ақ I тобындағы Сан-Марино командасы Бельгияны қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы