387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшылар мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирге қатысты

  • 332
  • UPD: 14:39, 08.09.2019
Қазақстандық спортшылар мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирге қатысты Olympic.kz

4 қыркүйек күні Ригада (Латвия) жасөспірімдер арасындағы Гран-При сериясының үшінші кезеңі өтті.

Аталған турнирге Қазақстан атынан Алана Тоқтарова мен Никита Манько қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында Никита Манько 156.46 ұпай жинап, қысқа бағдарламаны 13-ші орынмен аяқтады. Бағдарлама нәтижесі бойынша ресейлік Андрей Мозалев (233,72)  көш бастады. Ал күміске Оңтүстік Корея өкілі Ли Си Хьюн ие болса, жарыстың қола жүлдесін тағы бір ресейлік спортшы Данил Самсонов (211,62) жеңіп алды. Қазақстандық Алана Тоқтарова қысқа бағдарламада 118,48 ұпаймен 21-орынға тұрақтады. Оңтүстік кореялық Ли Хэ Ин (197,63) жарыс жеңімпазы атанса, ресейлік Дарья Усачева (194,40) күміспен күптелді. Ал үздік үштікті жапониялық Рино Мацуке (193,03) қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы