389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы марафонда 10 шақырымды межелеген желаяқтар анықталды

  • 220
  • UPD: 14:34, 08.09.2019
Елордадағы марафонда 10 шақырымды межелеген желаяқтар анықталды

Елордада алуан елдің спортшылары «Astana Marathon-2019» марафоны өтіп жатыр.

«Демалыс күніне және ауа райының қолайсыздығына қарамастан марафонға қатысушыларға алғыс білдіремін. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтты. Міне бүгінгі халықтың көптеп жиналуы соның көрінісі болып отыр, әсіресе жастардың көптеп қатысуы қуантады. Марафонда ұзақ қашықтықты бағындыруларыңызға тілекшімін», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов марафонның ашылуында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен 10 шақырымды бағындырған марафон жеңімпаздары анықталды. 10 шақырымда алдына жан салмаған қостанайлық Татьяна Ярославова 1-орынды жеңiп алды. Ол финишке 35,9 минутта жеттi. Ұйымдастырушылар жеңімпазға 30 мың теңгенiң сертификаты мен ұшақ билетін табыстады. Екінші болып 38,6 минуттық кɵрсеткiшпен Мадина Керiмова жетті және 25 мың теңгенің сертификатына ие болды. 39,20 минут кɵрсеткiшпен Тиісінше үшінші орынға Марина Мотросова тұрақтады. Оның көрсеткіші 39,20 минут. Ол да қола жүлдемен қатар 20 мың теңгенің сыйақысымен марапатталды. Ал ерлер арасында дәл осы қашықтықта 31,25 минут көрсеткішпен Алексей Гусанов жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Данияр Арманғали иемденді, оның көрсеткіші 32,32 минут. Және қола медальді Александр Сокуров қанжығасына байлады. Ол мәре сызығын 32,5 минутта кесіп өтті. Ерлерге де тиісінше 30,25 және мың теңгенің ақшалай сыйақылары мен ұшақ билеттері табыс етілді.

Хабар 24 телеарнасы