389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы марафон жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алды

  • 250
  • UPD: 15:30, 08.09.2019
Елордадағы марафон жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алды

Биылғы «Astana Marathon-2019» халықаралық марафонына 5 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Astana Marathon-2019» халықаралық марафонының әйелдер арасында 2 сағат 28 минут 42 секундта жеткен қырғызстандық Юля Андреева жеңімпаз атанды. Екінші болып жерлесіміз Гүлжанат Жанатбек келді, оның нәтижесі 2 сағат 33 минут 25 секунд. Тиісінше үшінші орынға 2 сағат 45 минут 41 секундпен Екатерина Сундукова тұрақтады. 42,2 шақырымдық жүгіру марафонын межелеген жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді.

Атап айтқанда 1-орын иесіне 1 млн теңге, 2-орынға 500 мың теңге және 3-орынға 250 мың теңгенiң сертификаты табыс етілді.

«Жүгіру менiң хоббиiм əрi жұмысым деп те айтуға болады. Күніне екі мәрте жүгіремін. Биыл марафонға екiншi жыл қатарынан қатысып отырмын. Алдымен жеңiл жүгiрiспен бастап, денемдi қыздырып алдым. Бүгiн ауа райы сәл қолайсыз болды, дегенмен, ол жеңіске жетуге кедергі болмады. Ендiгi жоспарым Токио Олимпиадасына қатыссам деймiн», - дейдi «Astana Marathon -2019» халықаралық марафонында әйелдер арасында жеңiмпаз атанған Юля Андреева.

Еске сала кетсек, 10 шақырымда алдына жан салмаған қостанайлық  Татьяна Ярославова 1-орынды жеңiп алды. Ол финишке 35,9 минутта жеттi. Ұйымдастырушылар жеңімпазға 30 мың теңгенiң сертификаты мен ұшақ билетін табыстады.

Хабар 24 телеарнасы