Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сербиямен өткен матчта ұлттық құрама сапындағы 89-голын соқты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл көрсеткіш бойынша «Ювентус» футболшысы тек ирандық Али Даиден (109 гол) ғана қалып тұр. Үштікті атақты венгриялық Ференц Пушкаш (84 доп) қорытындылайды.
Айта кетелік, өткен түнде Португалия құрамасы түзде Сербияны 4:2 есебімен жеңген еді.