387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өткен марафонға 27 елдің азаматтары арнайы келген

  • 180
  • UPD: 14:20, 09.09.2019
Елордада өткен марафонға 27 елдің азаматтары арнайы келген

Елордада «Астана Марафон 2019» спорттық шарасы өз мәресіне жетті.

Қолайсыз ауа райына қарамастан жарыс жолына 5 мыңнан астам адам шықты. Олардың арасында қарапайым қала тұрғындарынан бастап, мемлекеттік қызметшілер, белгілі спортшылар, тіпті шетелдіктер де көп. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі марафонға қатысу үшін 27 елдің азаматы арнайы келген екен. Үміткерлер 42 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша бақ сынады. Жүлдегерлер қатарында жерлестерімізден бөлек Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния және Ресейден келген қатысушылар бар. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен әуе билеттері табысталды.

Хабар 24 телеарнасы