389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Куньлунь» – «Барыс» 1:0

  • 173
  • UPD: 10:17, 09.09.2019
ҚХЛ: «Куньлунь» – «Барыс» 1:0

Бүгін Қазақстан құрамасының футболшылары 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.

Михал Билек шәкірттері Калининград қаласында Ресеймен алаңға шығады. Бұл ойын түнгі 01:00-де басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

ҚХЛ: «Барыс» «Куньлунь» командасынан жеңіліп қалды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының кезекті жарыс күнін Қытайда өткізіп, «Куньлунь» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Шэньчжен қаласындағы матчқа Адам Хелука, Кертис Волк, Максим Семенов және Кирилл Полохов қатысқан жоқ. «Барыс» қақпасынан Хенрик Карлсон қорғады. Қытай командасы екінші кезеңде есеп ашты. Итан Уэрек қарымта шабуылды нәтижелі түйіндеп, «Куньлуньға» жеңіс сыйлады. Бүгін екі команда арасында қарымта ойын өтеді. Матч кешкі бес жарымда басталады.

 

Бүгін Ресейде бокстан әлем чемпионаты басталады

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады. Кеше дүниежүзілік біріншіліктің жеребесі тартылып, біздің жігіттердің алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. 52 келідегі Сәкен Бибосынов моңғолиялық Харху Энхмандахпен шаршы алаңға шықса, әлем чемпионы Қайрат Ералиев неміс пен Венесуэла боксшыларының қай жеңгенімен қолғап түйістіреді. Зәкір Сафиуллин Әзірбайжан өкілі Бахтияр Газибаевпен кездеседі. Бекзат Нұрдәулетов оңтүстік кореялық Хонг Ингимен жұдырықтасады. Бүгін шаршы алаңға 75 және 91 келі салмақтағы боксшылар шығады. Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит және Қамшыбек Қоңқабаев жарысқа екінші кезеңде араласады.

 

Винокуров IRONMAN 70.3 жарысында топ жарды 

Александр Винокуров Айронман турнирінде топ жарды. Олимпиада чемпионы Ницца қаласындағы жарыста көзге түсіп, өз қатарластарының алды болды. Қазақстандық спортшы суда жүзу, веложарыс, жүгіру кіретін триатлон сайысында 4 сағат 28 минут 47 секунд уақыт көрсетті. 45 жастағы жерлесіміз 500-ге жуық атлеттер арасында озып шықты.

 

Бьянка Андрееску US Open турнирінде топ жарды 

Рафаэль Надаль Америка ашық біріншілігінде топ жарды. Испан теннисшісі финалда Ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті. Есеп: 7:6, 6:3, 5:7, 4:6, 6:4. Надаль US Open турнирінде төртінші мәрте жеңіске жетіп, «үлкен шлем» жарыстарындағы жүлде санын 19-ға жеткізді. Әйелдер арасында Канадалық Бьянка Андрееску жеңімпаз атанды. 19 жастағы теннисші шешуші сында Серена Уильямстан айласын асырды. Есеп: 6:3, 7:5. Андрееску Америка ашық біріншілігінің негізгі кезеңінде алғаш рет ойнап, бірден кубокқа қол жеткізді. Жыл басында ол әлемдік рейтингте 150-орыннан төмен тұрған еді. Енді 19 жастағы теннисші дүниежүзілік рейтингте бесінші орынға көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы