389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Винокуров Францияда өткен Ironman әлем чемпионатында жеңімпазы атанды

  • 404
  • UPD: 14:26, 09.09.2019
Винокуров Францияда өткен Ironman әлем чемпионатында жеңімпазы атанды prosports.kz

Лондон Олимпиадасының чемпионы және «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің жас санаты бойынша Ниццада (Франция) Ironman 70.3 әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz.

45 жастағы қазақстандық жігіт қашықтықты (жүзу, велосипед және жүгіру) 4 сағат 28 минут 47 секундта еңсере алды. Оның жас санатына 507 адам қатысты. Сонымен бірге Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 әлем чемпионатының 3434 қатысушысы арасында 93-орынға ие болды.

Винокуров бұған дейін BI Group Ironman 70.3 Astana өз жас санатында Нұр-Сұлтанда жеңіп алған болатын. Бұл жеңіс Олимпиада чемпионына велоспорттан келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама алып келді.

Сонымен қатар, «Астана» велокомандасының бас менеджері маусымның тағы бір үлкен стартында – 12 қазанда өтетін Кайлуа-Кона қаласында (Гавайи) Ironman 140.6 Әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы