389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріне сәттілік тіледі

  • 633
  • UPD: 17:02, 09.09.2019
Головкин әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріне сәттілік тіледі ktk.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ресейдегі әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін. Алға, жігіттер!» – деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасында. 

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні бокстан әлем чемпионаты басталады. Кеше турнирдің жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Ал 5 қазан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden-де Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында кездесу өтеді.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

Ал ӘЧ-2019 жарыс кестесін мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы