389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан футбол командасы Ресейден ұтылып қалды

  • 331
  • UPD: 09:23, 10.09.2019
Қазақстан футбол командасы Ресейден ұтылып қалды

Қазақстан құрамасының футболшылары Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі кезекті ойынын Ресеймен өткізіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Калининград қаласындағы матч тағдыры 88-минутта шешілді. Орыстар сапынан Марио Фернандес мергендік танытып, Черчесов командасына жеңіс сыйлады. Михал Билектен тәлім алатын ұлттық құрама қолда тұрған тең ойынды жіберіп алды. Қазақстан өз тобында жеті ұпаймен үшінші орында қалды.

Енді жерлестеріміз іріктеу турниріндегі келесі кездесуін 10 қазанда Кипрмен өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы