386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлдана Жұматай шығыс жекпе-жегі бойынша әлем чемпионы атанды

  • 146
Гүлдана Жұматай шығыс жекпе-жегі бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Гүлдана Жұматай шығыс жекпе-жегі бойынша әлем үздігі атанды.

Кореяның Чунджу қаласында хап-кидодан дүниежүзілік дода өткен болатын. Бұл спорт түрі - айкидоның негізі және таэквондоның баламасы болып саналады. Сондықтан байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген қатысушы жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Әсіресе, 65 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Жұматай барлық қарсыласынан басым түсіп, өз мықтылығын дәлелдеді. Осылайша ол жауынгерлік өнер бойынша дүниежүзілік ойындардың алтын жүлдесін жеңіп алды. Чемпионды бүгін елорда вокзалынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. 

Гүлдана Жұматай, жарыс жеңімпазы:

– Төрт жылда бір өткізілетін жарыстардың бірі. Олимпиадамен тең келетін жарыс деуге болады. Бәсекелестік өте жоғары болды. 3 жекпе-жек өткізе келе, осы медальді ұтып алдым.

Хабар 24 телеарнасы