387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» футбол командасы халықаралық турнирде ойнайды

  • 288
  • UPD: 22:49, 10.09.2019

«Хабар» футбол командасы Литвада өтетін журналистер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алды.

Айта кету керек, Қазақстанның БАҚ өкілдері атынан қатысатын хабарлықтар – бұған дейінгі елімізде ұйымдастырылған «БАҚ лигасының» 6 дүркін чемпионы.

Сондай-ақ, Конституция күніне орай ҚР Президентінің баспасөз қызметі  ұйымдастырған футбол жарысында да «Хабар» командасы қара үзіп, Президент Кубогының жүлдесін жеңіп алды. 

Салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат тұтқан хабарлық футболшылардың бұл жолы да асығы алшысынан түседі деп сенеміз.

13-15 қыркүйек аралығында Литвада өтетін дүбірлі додаға футболшылар бүгін аттанады.

Хабар 24 телеарнасы