387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Иықтан ұрып еді, жансызданып қалды». Америкалық боксшы Головкиннің соққы күші жайлы

  • 169
  • UPD: 18:56, 10.09.2019
«Иықтан ұрып еді, жансызданып қалды». Америкалық боксшы Головкиннің соққы күші жайлы © Miguel Cesar

Ол GGG-дің спарринг серігі болып жүр.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Антонио Уэйд қазақстандық Геннадий Головкинге украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz ibtimes.com сайтына сілтеме жасап.

Калифорниядағы Big Bear лагеріндегі жаттығудан кейін ол GGG соққысының ауырлығы туралы айтып берді.

«Денеңде қан жүрмей, жансызданып қалады. Сол хукпен иығымнан ұрған еді, жансыз боп қалды, рас айтам», - дейді Уэйд.

Еске салайық, Головкин 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, орта салмақта IBF титулын сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы