389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотректен Азия кубогы қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды

  • 267
  • UPD: 23:40, 10.09.2019
Велотректен Азия кубогы қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды

Велотректен Азия кубогы жерлестеріміз үшін сәтті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Үндістан астанасында жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырына 5 рет көтерілді. Оның ішінде командалық спринттен 3 күміс және жекелей скретчтен 2 қола жүлдеміз бар. Ал, бүгін олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері тағы да үздіктер қатарынан табылды.

Атап айтқанда, Эльвира Хамзина 500 метрлік гид бәсекесінде екінші орын алса, Кристина Титовская үшінші орынға тұрақтады. Нью-Делидегі жарыс әлі бірер күнге жалғасады. Сәйкесінше, жерлестеріміздің тағы бірнеше қашықтық бойынша жүлдеге қол созуына мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы