388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан турнир басталды

  • 263
  • UPD: 23:49, 10.09.2019
Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан турнир басталды

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан ұлттық біріншіліктің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Арманыңа ұмтыл» деп айдар тағылған жарыс осымен 7-рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі жарыстарда да жеңіске жеткен өрендер әлем футболының айтулы клубтарына барып, Неймар, Торрес, Месси, Роббен секілді спортшылармен жақын танысып, сұхбаттасуға мүмкіндік алған болатын. «Сан Сиро» мен «Камп Ноу», «Стэмфорд Бридж» бен «Олд Траффорд» секілді әлемге әйгілі стадиондарды көзбен көріп қайтқан балаларды биыл «Сантяго Бернабеу» күтіп тұр. Яғни, Мадридтің қақ төрінде орналасқан Реалдың стадионында болу әркімге арман. Ал, оған жету үшін осы жарыста оза шабу қажет. Финалдық кезеңде еліміздің әр өңірінен келген 12 команда бақ сынайды. Турнир жеңімпазы бір аптадан соң белгілі болады.

Елдос Ахметов, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы:

- Шараға өзім екінші рет қатысып отырмын .Өткен жылы осы бүлдіршіндерді Париж қаласына ПСЖ командасына жібергенбіз. Бүлдіршіндер қуанып осы турнирдің бірінші күнінен бастап қатысты. Әрине, біздің кезде мұндай мүмкіндік болмады. Мұндай жағдай болмады. Сол себепті осындай шаруаны ойластырып шығарған адамдарға көп-көп рахмет.

Хабар 24 телеарнасы