387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға Қайрат Ералиев шығады

  • 255
  • UPD: 14:13, 11.09.2019
Бокстан әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға Қайрат Ералиев шығады prosports.kz

Бүгін Ресейдің Екатеренбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

11 қыркүйек күні жекпе-жекке 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын боксшылар шығады. Олардың қатарында 2017 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев те бар. Ол германиялық Шараф Раман мен венесуэлалық Финол Ривас арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен шаршы алаңға шығады. 

Жарыс Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріне сәттілік тілеген болатын. Ол 5 қазан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden-де украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады.

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

ӘЧ-2019 жарыс кестесін мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы