387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду Еуропа чемпионаты іріктеуінің сұрмергені атанды

  • 258
  • UPD: 17:11, 11.09.2019
Роналду Еуропа чемпионаты іріктеуінің сұрмергені атанды prosports.kz

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Литваға қарсы матчта покер авторы атанған Криштиану Роналду рекорд орнатты.

Португалия құрамасының шабуылшысы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінде 25 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша Роналду 23 гол соққан ирландиялық Робби Киннан асып түсті.

Айта кетейік, Португалия сырт алаңда Литваның қақпасына бес гол соғып, жеңіске жеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы