385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екатерина Ларионова әлем чемпионатынан сырт қалуының себебін түсіндірді

  • 282
  • UPD: 09:49, 12.09.2019
Екатерина Ларионова әлем чемпионатынан сырт қалуының себебін түсіндірді olympic.kz

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатыспау себебін түсіндірді, деп хабарлайды olympic.kz

«2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін жарақатым жиілеп кетті. Биыл Польшадағы турнир қарсаңында тіземді ауыртып алдым. Мамандар ота жасау керектігін айтты. Еліміздегі әлем чемпионатына қатысып, жанкүйерлерді қуантсам деген ойым болған. Бірақ бұйырмады. Десе де, Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысу басты мақсатым болып қала береді. Жарақатымнан айыққан соң лицензиялық турнирлерге қатысуды жоспарлап отырмын», – дейді Ларионова.

Хабар 24 телеарнасы