389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы З.Сафиуллин әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті

  • 442
  • UPD: 00:02, 13.09.2019
Боксшы З.Сафиуллин әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті

Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтті.

Қазақстан сапынан Закир Сафиуллин шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. Закир алғашқы кездесуде Әзербайжан өкілі Бақтияр Газизбаевпен жұдырықтасқан болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) шаршы алаңға шығып, келесі кезеңге өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы