385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді

  • 190
  • UPD: 11:23, 13.09.2019
Алматыда Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді prosports.kz

10-13 қазан күндері Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді.

Denis Ten Memorial Challenge «Халық аренада» ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа ISU ұйымының барлық мүшелері қатыса алады. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді. Турнирге өтініштер 19-қыркүйекке дейін қабылданады. Жастар мен ересектер арасында қысқа бағдарлама жарыстың бірінші күнінде өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер Denis Ten Memorial Challenge турнирін қорытындылайды.

Хабар 24 телеарнасы