387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрес түрлерінен әлем чемпионатының жеребесі тартылады

  • 406
  • UPD: 13:22, 13.09.2019
<span class=favorites>Күрес түрлерінен әлем чемпионатының жеребесі тартылады</span> prosports.kz

14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен лицензиялық әлем біріншілігінің жеребесі тартылады, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін, 13 қыркүйек күні төрт салмақ бойынша жеребе тартылады.

Грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келідегі балуандардың алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болады.  Ел спортшылары, 55 келіде Қорлан Жақанша, 63 келіде Алмат Кебіспаев, 72 келіде Демеу Жадыраев және 82 келіде Мақсат Ережепов бақ сынайды. 

Бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері Нұрым Аманқосов әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялаған болатын.

Осыдан бірер күн бұрын күрес түрлерінен біріншілік ұйымдастырушылары жүлдегерлеріне берілетін медальдардың дизайнын көпшілікке жария еткен болатын.

Жалпы, күрес түрлерінен әлем чемпионаты елордада 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Күздің алғашқы айында спортшыларымызды тағы қандай жарыстар күтіп тұрғанымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын да сарапқа салады. Әлем чемпионатында (олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады. Ал жарыс кестесімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.

Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі белгілі болды

Хабар 24 телеарнасы