387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

  • 335
  • UPD: 14:06, 13.09.2019
Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды, деп жазады prosports.kz. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болды.

Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

24 қыркүйек

Жеребе тарту рәсімі – 14:00

25 қыркүйек

Қыздар – 40 кг, -44 кг

Ұлдар – 50 кг, -55 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 15:20

Финалдық кезең – 16:00

26 қыркүйек

Қыздар – 48 кг, -52 кг

Ұлдар – 60 кг, -66 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

27 қыркүйек

Қыздар – 57 кг, -63 кг

Ұлдар – 73 кг, -81 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

28 қыркүйек

Қыздар – 70 кг, +70  кг

Ұлдар – 90 кг,+90 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

29 қыркүйек

Mixed Teams – аралас командалық жарыс

Жарыстың басталуы – 10:00.

Хабар 24 телеарнасы