389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Ресей кубогында топ жарды

  • 231
Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Ресей кубогында топ жарды Olympic.kz

Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясының ашық кубогы өтуде.

Бүгін айдынға шыққан қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

500 метрге жарысқан спортшылар арасынан Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев топ жарды. Тағы бір қазақстандық спортшы Денис Никиша күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын ресейлік спортшыға бұйырған. 

Айта кетелік, Ресейдегі кубоктік додаға Қазақстан, Латвия, Нидерланд, АҚШ және Ресей спортшылары қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы