389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының ауылдарында спорт кешендері көбейіп келеді

  • 259
Қызылорда облысының ауылдарында спорт кешендері көбейіп келеді

Қызылорда облысының ауылдарында заманауи спорт кешендері көбейіп келеді.

Олардың дені кәсіпкерлердің инвестициясы негізінде бой көтерген. Мәселен, соңғы екі жылда Шиелі ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 спорт кешені салынды. Соның бірі Шенген Қодаманов атындағы ауылдан ашылды. Бүгінде мұнда 5 спорт үйірмесі бар. Онда 300-ге жуық бала тегін жаттығады. Жергілікті кәсіпкердің жобасы бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Абзал Амангелдиев, спорт кешенінің директоры:

– Бұрын-соңды спорт кешені болмаған кезде біз аудан орталығына, мектептерге барып жаттығып жүретін едік. Ол жаққа қатынау да қолайсыз болатын. Ауыл жастарына керемет жағдай жасалған, аз ғана уақыт болса да жетістіктеріміз бар. Қазақша күрестен облыстық біріншіліктен чемпион шықты.

Хабар 24 телеарнасы