389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтар спорттың 85 түрімен айналысады

  • 186
  • UPD: 08:35, 16.09.2019
Павлодарлықтар спорттың 85 түрімен айналысады

Ертіс өңірінде тұрғындардың 30,5 проценті спортпен тұрақты түрде айналысады.

Бұл – шамамен 220 мыңдай адам. Халықты жаппай бұқаралық спортқа тартуға спорт нысандарының көптеп салынуы да оң әсерін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағында 3,5 мың спорт құрылымдары бар екен. Павлодарлықтар спорттың 85 түрімен айналысады. Болашақ ел чемпиондары 22 балалар мен жасөспірімдер мектептерінде дайындалады. Биыл спортты қолдаумен дене шынықтыру нысандарын күтіп-баптау мақсатына облыстық бюджеттен 4 миллиард 700 миллион теңге бөлінген.Тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт, осы жылдан бастап суға жүзумен айналысушылар үшін олимпиадалық резервтер бассейні қолжетімді болды. Бұл нысан өткен жылы мемлекеттік жеке серіктестік аясында бой көтерген. Нақты осы сала бойынша аймақта ауыз толтырып айтарлықтай жетістік көп. Қазір облыс орталығында жабық футбол алаңы мен мұз аренасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл құрылымдар спорт-сити қалашығында пайда болады.

Марат Айдашев, облыстық туризмді дамыту және спорт басқармасының басшысы:

– Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 23 мыңнан астам бала барады. Олар тегін жаттығады. Қазір міне мамандандырылған олимпиадалық резервтер мектебінің балалары үшін жүзуден жаттығулар өтіп жатыр. «Ертіс Олимпик» бассейніне кез келген адам келіп жүзу спортымен айналыса алады. Құны – мың теңге. Адамдар өзімен бірге денсаулығы туралы медициналық анықтама мен шомылуға қажетті заттарын әкелуі тиіс. Жұмыс кестесі барлық жерде көрсетілген. Әлеуметтік желілерден де табуға болады. Жалпы облыс аумағында 20 бассейн бар. Екеуі ауылдық жерде орналасқан. Тұрғындар үшін қолжетімді. Балаларға сабақтар тегін жүреді.

Хабар 24 телеарнасы