389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы рингке қандай лақап атпен шықпақ

  • 502
Жәнібек Әлімханұлы рингке қандай лақап атпен шықпақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұдан былай рингке «Qazaq style» лақап атымен шығады.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды

«Кәсіпқой бокста әр боксшының лақап аты бар. Біреулері лақап атты өзі қояды, енді біреулерге жанкүйерлер қояды. Өздеріңіз жақсы білесіздер мені Америкада жанкүйерлер, бапкерлер «Qazaq style» деп атайды. Қазақстандық жанкүйерлер де осылай атап кетті. Көп ойланбастан лақап атымды «QAZAQ STYLE» деп атауды жөн көрдік. Онсыз да сіздер солай атайсыздар. Біз жәй ғана ресмилендіріп қояйық. Боксрекке енгізіп қойдық. Бұйыртса «QAZAQ STYLE» -ды әлемге танытуға бар күшімізді саламыз! Жеңісте жүздесейік!» – делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы