389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионаты: Құлахмет ширек финалға шықты

  • 575
  • UPD: 23:31, 16.09.2019
Бокстан әлем чемпионаты: Құлахмет ширек финалға шықты inform.kz

Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз америкалық Хавьер Мартинесті жеңіп, әлем біріншілігінің келесі айналымына шықты.

Еске сала кетейік, көршілес Ресей жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің бүгінгі жарыс күнінде Абылайхан Жүсіпов Азия ойындарының чемпионы, тайландтық Вуттичай Масукты жеңген болатын. Жүсіпов 1/8 финалда жұдырықтасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы