389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының тілшілері Литвада футбол біріншілігіне қатысты

  • 183
  • UPD: 11:15, 17.09.2019

Жуырда «Хабар» телеарнасының футболшылары тілшілер арасында өткен бейресми біріншілікке қатысты. Сайыс Литваның Друскининкае қаласында болды.

Әлемдегі ондаған мемлекеттің тілшілері, режиссерлері мен операторлары футбол алаңында бақ сынасты. Хабар агенттігінің құрамасы бұл жарыста төртінші орынды иеленген.

Литваның Друскининкае қаласында тілшілер арасында футбол біріншілігі өтті. Қазақстан намысын бұл жарыста Хабар агенттігінің құрамасы қорғаған. Үздік атақ үшін 11 елдің командасы жарысты.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» арнасының жүргізушісі:

-Үштікке бір қадам жетпей қалды. Бірақ біз өкінбейміз, келесі жолдары міндетті түрде осындай жарыстарға қатысып, тәжірибенің арқасында жүлделер алатын шығармыз деп ойлаймын.

5 сағатта Хабар құрамасы өзге 10 командамен ойнап үлгерді. Алғашқы ойынында Украинамен тең ойнап, ұпай бөліссе, екінші ойнында Египет құрамасын 9-0 есебімен ойсырата ұтқан. Алаң иелері Литваны да 4-0 есебімен жеңді. Еске салып кетсек, Қазақстанда «Хабар» агенттігінің футбол командасы Қазақстан Президенті Кубогының жеңімпазы болған еді.

Тодаус Венчавицус, Литва спорт тілшілері федерациясының президенті, жарыс ұйымдастырушысы:

- Жалпы жарыс тарихында мұнда 20-дан аса елдің командалары келген болатын. Сайыс ауқымы кеңейіп келеді. Өзге елдер де осындай турнирлер ұйымдастыра бастады- Армения, Латвия. Қазақстан да тілшілер арасында осындай жарыс ұйымдастырады деген үмітімз бар.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир тілшілер арасында бейресми әлем біріншілігі саналады. Оның өтіп келе жатқанына 15 жыл болды. Бұл жарыс тілшілеріміздің шығармашылық саланың майталмандары болуымен қатар, жоғары дәрежедегі спортшылар екенін де айғартып отыр. 

Авторлары: Алексей Родионов, Павел Гальченко

Хабар 24 телеарнасы