389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Токиоға медаль үшін барамын». Ильин ӘЧ алдында спорттық киімін көрсетті

  • 435
  • UPD: 14:02, 17.09.2019
«Токиоға медаль үшін барамын». Ильин ӘЧ алдында спорттық киімін көрсетті instagram

Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин Паттайяда өтетін әлем біріншілігі қарсаңында чемпионатта қандай киіммен өнер көрсететінін паш етті.

Бұл туралы Илья Ильин өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Спорттық киімде «1» саны мен Ilya Ilyin деген жазу бар.

«Осы киімде әлем чемпионатында өнер көрсетемін. Бұл біріншілікке қатысу мен үшін басты мақсат емес, себебі Токиоға медаль үшін барамын», – деп жазды спортшының өзі.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 18 қыркүйек күні Паттайяда басталады. Біріншілікте еліміздің намысын бес салмақ дәрежесінде жеті атлет қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы