388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионаты: бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

  • 459
<span class=favorites>Бокстан әлем чемпионаты: бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады</span>

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жеті қазақстандық боксшы сынға түседі.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда елімізден үш боксшы жұдырықтасады:

52 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберджен Мартинес Риваспен күш сынасады, деп хабарлайды olympic.kz

63 келіге дейінгі салмақтағы Зәкір Сафиуллин Куба өкілі Энди Круз Гомеспен жұдырықтасады. Сондай-ақ, күндізгі сессияда 91 келідегі Василий Левит шаршы алаңға шығады. Левиттің қарсыласы – украиналық Марат Григорян. 

Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессия да тартысқа толы болмақ, тағы төрт боксшымыз сынға түседі:

57 келідегі Қайрат Ералиев таиландтық Чатчай Будтимен қолғап түйістіреді.

69 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов германиялық Ник Бирмен өзара мықтыны анықтайды. 

81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бразилиялық Кено Мачадоға қарсы жұдырықтасады, ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық боксшымен кездеседі.   

Хабар 24 телеарнасы