389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боз кілемде балуан қыздарымыздың бағы жана ма

  • 370
  • UPD: 12:16, 17.09.2019
Боз кілемде балуан қыздарымыздың бағы жана ма olympic.kz

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталды.

Бүгін әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақтағы іріктеу айналымдары өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

53 келіде сынға түскен Татьяна Ахметова өте тартысты кездесу 6:7 есебімен Беларусь балуаны Ванесса Каладзинскаядан ұтылды. 

Бүгін Ахметовадан бөлек тағы үш балуанымыз кілемге шығады.

Олар:

50 келі Валентина Исламова – Джулия Мартин Саббати (Франция)

55 келі Марина Седнева – Ци Лю Ки (Вьетнам)

72 келі Жәмила Бақбергенова – Түркия және Үндістан балуандары белдесуінің жеңімпазы  

Хабар 24 телеарнасы