389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

  • 408
  • UPD: 15:09, 17.09.2019
Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды inform.kz

26 қазан күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды.

Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясы instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Сонымен, Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады.

Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта «WBO International» чемпиондық атағы сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетсек, Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-орында тұр.

2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірді.

Хабар 24 телеарнасы