389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал блогерлер Қарлытау шыңына шығып қайтты

  • 234
  • UPD: 22:23, 17.09.2019

Белгілі блогерлер мен экстремалды спорт түрлерімен айналысатын жастар Қарлытау шыңына шығып қайтты.

Олар теңіз деңгейінен 5450 метр биіктікке «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің туын тікті.

Жастар аға буын өкілдері мен өз замандастарын ешкімге пара бермеуге және оны алмауға үндеп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Алматы облыстық әкімдігі мен «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған бұл шара «Жемқор болма – шыңдарды бағындыр!» деген ұранмен өтті. Еліміздегі белгілі блогерлер мен экстремалды спорт түрін жанына серік еткен жастар осылайша биіктігі 5,5 мың метрге жуық Қарлытауға шығып, шың басына жобалық кеңсенің туын тігіп қайтты. 

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

– Тек салауатты өмір салтын емес, сонымен қатар шынайы биіктерді бағындыру, өмірінде жақсы бір ірі мақсаттарды қою және өздерінің мінездерін қалыптастыру. Осы сияқты шыңдарды бағындырып, өздеріне жол ашу мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Ал маутинбайк спортымен айналысатын Сәкен Қағаровтың блогер атанғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен қазір оның 120 мыңға жуық жазылушысы бар. Ол бұған дейін көптеген шыңға шығып көріпті. Бірақ 5450 метрлік биіктікті алғаш рет бағындырып отырмын, - дейді ол.

Сәкен Қағаров, блогер:

– Мен бұл сапардан сөзбен айтып жеткізсіз әсер алдым. Ол мүлдем бөлек, өзінше бір таңсық әлем екен. Түнде және таңғы мезгілде айналаң түгел қатып жатса, күндіз онда да тіршілік иелері пайда болады. 5 мың метр биіктікте көбелектер ұшып жүреді деп кім ойлаған? Жердегі өзендердің қайдан бастау алатынын өз көзімізбен көріп қайттық, өте әдемі екен. Замандастарыма «Бір орында тұрып қалмай, үнемі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылыңдар!», - деген тілек айтқым келеді.  

«Жемқор болма – шыңдарды бағындыр!» ұранымен өтіп жатқан бұл шара әлі де жалғасады. Жастар биыл Үлкен Алматы көліне жорық ұйымдастырып, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Абай шыңын бағындырмақшы.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы