389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Қазақстанға келеді

  • 474
Хабиб Қазақстанға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатына келеді, деп жазады Prosports.kz.

Хабибтің әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Қазақстан астанасына келіп алды. Чемпионның өзі ертең, 18 қыркүйекте «Барыс Аренаға» құрметті қонақ ретінде келеді деп күтілуде.

Еске сала кетелік, Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир 22 қыркүйек күні аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы