Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Сафронова – Gloria Cup 2019 Athletics турнирінің қола жүлдегері

  • 175
Ольга Сафронова – Gloria Cup 2019 Athletics турнирінің қола жүлдегері

16 қыркүйек күні Белкада (Түркия) «Gloria Cup 2019 Athletics» турнирі аяқталды.

Жарысқа қазақстандық спортшылар қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. Турнирге Қазақстан құрамасы сапынан Ольга Сафронова, Элина Михина және Надежда Дубовицкая қатысты. Ольга Сафронова 100 м қашықтықты 11.58 уақытта бағындырып, қола жүлдегер атанды.

Тағы бір қазақстандық Элина Михина дәл осы қашықтықта мәреге алтыншы (11.74.) болып жетті. Надежда Дубовицкая болса биіктікке секіру бойынша 170 см-ге секіріп, төртінші орынға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы