389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» мәскеулік «Спартакты» 3:0 есебімен жеңді

  • 171
  • UPD: 12:16, 18.09.2019
«Барыс» мәскеулік «Спартакты» 3:0 есебімен жеңді sports.kz

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Алматыда Мәскеу «Спартагымен» өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дастин Бойд екі мәрте мергендік танытқан матчта Корбэн Найт да көзге түсті. Енді астаналықтар жұма күні Алматыда Челябінің «Тракторын» қабылдайды.

 

Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан медальмен қоса Токио олимпиадасының да жолдамасына иелік етті. Айнағұлов үшінші орын үшін өткен белдесуде украиналық Ленур Теміровті 10:0 есебімен жеңді. Мейрамбек бұған дейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген еді. 60 келіде жапониялық Кенихиро Фумита топ жарды.

Мейрамбек Айнағұлов, әлем чемпионатының қола жүлдегері:

Осы жарысқа мен алмасам да басқа салмақтағы балалар алтын алса екен деп едік. Өкінішке орай қолаға жетіп қалдық. Келесіде бұйырса осы жақта ала алмаған алтынымызды Токиода аламыз ба деген ойдамыз.

Грек-рим күресінің балуандары үшін әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бір күміс, екі қола жүлдені қанағат қылды. Сонымен қатар олимпиаданың екі жолдамасы бар. Екінші лицензияға 77 келідегі Асхат Ділмұхамедов қол жеткізді. Жартылай финалға дейін мықтыларды жолдан тайдырған ол жүлдесіз қалды. Қола медаль үшін өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовпен күрескен жерлесіміз 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. 77 келіде венгриялық Тамаш Лоринц әлем чемпионы атанса, аса ауыр салмақта Түрік балуаны Риза Каялп жеңіске жетті. Бүгін әйелдер арасында төрт салмақтың мықтылары анықталады. Қазақстандық Валентина Исламова жартылай финалға дейін жетіп, 50 келіде олимпиада жолдамасына иелік етті. Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова да жүлдеден үмітті. 

 

Жеті қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Екатеринбург шаршы алаңында Бекзат Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев, Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев жарысты жалғастырады. Василий Левит пен Тұрсынбай Құлахмет те үздік сегіздіктің қатарында бар. Ал, 63 келідегі Зәкір Сафиуллин куба былғарғы қолғап шебері әлем чемпионы Энди Круз Гоместен жеңіліп қалды.

 

Алматыда шахматтан Азия біріншілігі аяқталды

Сегіз күнге созылған жарыста құрлық елдерінен 70-ке жуық үміткер бақ сынаған болатын. Ұйымдастырушылар шетелдік қонақтарды құшақ жая қарсы алғанымен, шаршы тақта алдында шахматшыларымыз  қонақжайлылық таныта алмады. Классикалық шахматта тек Сириялық Талал Алзаим чемпион атанды демесеңіз, қалған бас жүлденің барлығы бізде қалды. 65 жастан жоғарғы үміткерлер арасында Төлеген Нукин топ жарса, әйелдер арасында Елена Анкудинова Азия чемпионы атанды.

Хабар 24 телеарнасы