389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Осака турнирінің ширек финалына шыға алмады

  • 365
Зарина Дияс Осака турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық Зарина Дияс Осака WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Дүниежүзілік рейтингте 85-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда осы жарыстың бесінші, әлемнің 16-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киспен кездесті.

Тартысты өрбіген бірінші партияда есеп 6:5 болғанда, қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 7:5.

Екінші партияда Зарина доп берген бірінші гейм ұзаққа созылып, Кис брейк жасап кетті – 1:0.

Содан соң америкалық спортшы дес берген жоқ – 6:0.

Үшінші сетті бастаған З.Дияс бұл жолы қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік бермеді.

Үшінші геймде М.Кис брейк жасап, алға шыққанымен, Зарина сол бойда теңестірді – 2:2.

Дегенмен америкалық теннисші сет барысында тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен аяқтай алды – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 7 минутқа созылды. М.Кис ширек финалда кезінде рейтингте көш бастаған, қазір әлемнің 15-ракеткасы, германиялық Анжелика Кербермен шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы