389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте шарықтады

  • 235
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте шарықтады SupremeBoxing

Қазақстандық Ескендір Харсан (7-0, 6 КО) екінші ең жеңіл салмақтағы BoxRec порталының көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

14 қыркүйекте T-Mobile аренасындағы шоу андеркартында Харсан америкалық Исидро Очоаны (7-1, 3 КО) жеңді. Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде британиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) шведциялық Отто Валлинді (20-1, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңді. 22 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы жетінші жеңісінен кейін рейтингте бірден 64 саты жоғарылады – 241-ден 177-орынға көтерілген.

Очоа карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін 38 саты құлдилады – 282-ден 320-ға түсті. BoxRec рейтингінде Харсан салмағында 1240 боксшы бар. Бірінші орында WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваретте (29-1, 25 КО), екінші – оның отандасы Рей Варгас (34-0, 24 КО) WBC белбеуіне ие, ал үшінші - WBA (Super) және IBF чемпионы америкалық Даниэль Роман (27-2-1, 10 КО). Айта кетейік екінші ең жеңіл салмақта үш қазақстандық өнер көрсетеді. Харсаннан жоғары Ержан Залилов (11-1-1, 5 КО) 114-ші тұр, ал төменде – Елнұр Қасенов (0-1) 992-ші.

Хабар 24 телеарнасы