389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланды

  • 236
  • UPD: 16:26, 18.09.2019
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланды olympic.kz

Бұл туралы olympic.kz сайты жазды.

Бүгін Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Жиынға Ассамблея мүшелері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың президенттері қатысты. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ассамблея мүшелері еліміздегі бас олимпиадалық ведомство басшысын тағы да төрт жылға сайлады. Тимур Асқарұлы бұл қызметке алғаш рет 2015 жылы тағайындалды. 

«Артта қалған төрт жыл ішінде қазақстандық спорттың дамуында үлкен өзгерістер байқалды. Әсіресе, мемлекеттік құрылымдар, Ұлттық Олимпиадалық комитет және ұлттық спорттық федерациялардың бірлескен жұмысының арқасында көптеген іс тындырылды.  Барлық деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату прогреске жетеледі, сондықтан, әрбіріңізге – спорттың олимпиада түрі бойынша команда басшысынан спорт дәрігеріне дейін, федерацияның бас хатшысынан менеджерге дейін, спорт киімдерін үлестіруге жауапты адам, жалпы, барлық спортшыға, ата-анасы мен атлеттердің бапкерлеріне алғыс айтамын. Барлық жетістік біздің ортақ жеңісіміз.   Бүгінде Қазақстан ҰОК – расымен де халықаралық спорт қауымдастығының маңызды мүшесі және әлемдің спорт ұйымдарының сенімді серіктесі. Қазақстан ҰОК төрт жылда үлкен жұмыс тындырды. Алайда, отандық спорттағы фундаменталды өзгерістерге қарамастан, бұл іс тек бастамасы ғана. Алда жауапты шаралар мен жаңа белестер. Қазақстандағы спортты дамыту үшін еңбектене береміз», – деді Қазақстан ҰОК қайта сайланған басшысы Тимур Құлыбаев. 

Хабар 24 телеарнасы