389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионаты: Боксшы Ералиев жарыстан шығып қалды

  • 343
  • UPD: 22:42, 18.09.2019
Әлем чемпионаты: Боксшы Ералиев жарыстан шығып қалды

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловтан мерзімінен бұрын ұтылды.

Жекпе-жек екінші раундта Қайраттың жарақатына байланысты тоқтатылды. 1:4 есебімен өзбек боксышы ұтып жатқан еді.

Қайрат 57 келі салмақта өнер көрсетіп, 2017 жылы әлем чемпионы атанды. 2013 жылы қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов (52 келі), Василий Левит (91 келi) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) 1/2 финалға жолдама алды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы