389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын күміс медаль ұтудан бастады

  • 327
  • UPD: 23:51, 18.09.2019
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын күміс медаль ұтудан бастады

Паттайяда (Таиланд) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасындағы жарыс аяқталды.

Қазақстандық Игорь Сон 266 келі (120 + 146) көтеру бойынша екі жаттығу нәтижесінде күміс медальды еншіледі.

Сондай-ақ Игорь Сон «жұлқа көтеруде» қола медальмен марапатталды.

Тағы бір қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей бесінші орынға тұрақтады.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты. Паттайя (Таиланд).

55 келі. Ерлер. А тобы

  1. Ом Юн Чол (Солтүстік Корея) - 294 (128 + 166)
  2. Сон Игорь (Қазақстан) - 266 (120 + 146)
  3. Аль-Салим Мансур Абдулрахим (Сауд Арабиясы) - 265 (118 + 147)

... 5. Чонтей Арли (Қазақстан) - 263 (118 + 145).

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы