389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда «Race Nation» жарысы өтеді

  • 208
Бурабайда «Race Nation» жарысы өтеді

Бурабайда жыл басынан бері 60-тан астам түрлі іс-шара өткізілді.

Мәселен, «Вело Бурабай», «BURABIKE FEST» секілді велошерулерге биыл 3 мыңнан астам адам қатысса, «ҚымызФест», суда жүзу сайысы, қайықшылар жарысы, құзға өрмелеу фестивальдері көпшіліктің қызыға тамашалайтын мерекесіне айналды. Одан бөлек, туризм саласын дамыту бойынша әлемнің мықты мамандары да осы Бурабайға жиналады. Шаралар тізімі мұнымен бітпейді. Себебі курортты аймақтың жыл бойы жұмыс істеп тұруы үшін өңірде «Four seasons» атты арнайы тұжырымдама түзілген болатын. Яғни жаздан басқа мезгілдерде де Бурабайда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Айталық, қыркүйек айының соңында «Race Nation» атты кедергілермен жүру сайысы өткізілмек. Одан бөлек, күзде жидектер жәрмеңкесі жоспарланған. Ал мұның барлығы туристерді көптеп тарту үшін жасалып отыр, - дейді, сала мамандары.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм және демалыс индустриясы қауымдастығының төрағасы:

– Желтоқсанның өзінде біз Бурабайда халықаралық турнирлер өткізіп жүрміз. Бұл – қыста келетін туристерге арналған үлкен шара.

Хабар 24 телеарнасы