389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионаты: алты боксшымыз жартылай финалда

  • 272
  • UPD: 09:47, 19.09.2019
Әлем чемпионаты: алты боксшымыз жартылай финалда olympic.kz

Қазақстан құрамасының алты боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан шаршы алаң сайысында Сәкен Бибосынов армениялық қарсыласынан 4:1 есебімен айласын асырды. Енді ол финалдық жолдаманы үндістандық былғары қолғап шеберімен сарапқа салады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов доминикандық боксшының осал тұсын тапты. Абылайхан жартылай финалда ресейлік Андрей Замковоймен кездеседі. 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет армениялық спортшыны еліне қайтарды. Ол келесі жекпе-жегін филиппин жігітімен өткізеді. 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетовті жартылай финалда олимпиада және әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Круз күтіп тұр. Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев та жарысты жалғастырады.

Ал 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев өзбекстандық Мырзахилиловқа есе жіберді. Бұдан бөлек Зәкір Сафиуллин де біріншілікті ерте аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы